Семей қаласындағы 3 көпірдің екеуі апатты жағдайда. Бұл жайында бүгін Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қоғамды толғандыратын тағы бір мәселе — бұл Семей қаласының көпірлері мен жолдарының сапасы. Бүгінде қалалық үш көпірдің екеуі апатты жағдайда тұр», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ҚР Президенті қаладағы жолдардың 20 пайыздан астамының жай-күйі қанағаттанарлықсыз екендігін баса айтты. «Осынау инфрақұрылымдық проблемалар шұғыл арада шешуде талап етеді», — деді Қ.Тоқаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат.