• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайында «Музейге сый» акциясы өтті

25.04.2019
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейі» РМҚК-нің ұйымдастыруымен ел ішіндегі көне мұраларды жинақтау мақсатында «Музейге сый» акциясы өтті.
Шараға қатысқан көнекөз қариялар мен қонақтар 46 дана заттай құндылықтарды сыйға тартты. Олардың қатарында ХV ғасырда соғылған Тимуридтер фулустары мен ХVI ғасырға тән Адиль хан және ХIХ ғасырдағы Бұхара әмірлігінің тангалары,  2 дана жазба ескерткіш, яғни «Фиқул Әкбар»  (Әл – Фиқул – Әкбар – Имам Ағзам Әбу Ханифа кітабы) және Ахмад Һади Мақсуди Ғибадат Исламиат топтамасының  Ораза, Зекет, Хаж туындылары бар.


Сондай-ақ, этнографиялық тұрмыстық тоқыма, металл бұйымдар мен зергерлік әшекейлер және IX-X ғасырдың қыш құмыралары мен 9 дана монета табысталды.
«Музейге сый»  акциясының тарихына көз жүгіртсек әйгілі қолбасшы Әмір Темір заманынан бастау алатынын байқауға болады. Оған дәлел — кесенеде сақталған Әмір Темірдің бұйрығымен құйылып, кесенеге сыйға тартылған халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жататын алтын күміс жалатылған 6 дана шырағдандар мен тайқазан, лауха сынды жәдігерлеріміз.


40 жылдық тарихы бар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 1978 жылы Республикалық музей ретінде ашылар кезде Мемлекет және қоғам қайраткері, сол кездегі Мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен, жергілікті партия комитетінің қолдауымен халықтың қолында сақталған құнды дүниелер музейге сый ретінде тапсырылғаны белгілі. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасын тауып, «Музейге сый» акциясы «Әзірет Сұлтан» қорық музейінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан ауқымды іс-шаралардың біріне айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болса, қазіргі күні 24 420 жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған. Оның ішінде сыйға берілген жәдігерлер саны — 1680 дана.


Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттауға арналған тың жобалар ұсынғаны белгілі. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген  болатын. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын, мәдени-рухани ұстынды сақтап қалу, оны өскелең ұрпаққа жеткізу делінген.


-«Халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалпайтыны мәлім. Қазіргі бізге келіп жеткен осындай сирек кездесетін тарихи жәдігерлер үлгілері де кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында көне заттардың күнделікті тұрмысқа қажетсіз болып қалатыны бар. Алайда, сол заттардың халқымыздың өткен уақыттардағы өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда қаншалықты маңызы бар екенін ескере бермейміз. Музей үшін сол заттар халық жадын жандандыруға қызмет ететін, мамандардың зерттеулеріне арқау болатын, ондаған, жүздеген жылдардан кейін де болашақ ұрпақ таңдана тамашалайтын жәдігер болатын құнды дүние»,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.


Акцияға қатысқан Түркістан қаласының тұрғыны Әбілқасым Шошыбаев өз ауласын қазу барысында табылған IX-X ғасырларға тән қыш құмыраларды кесенеге жәдігер ретінде табыс етіп, тарихи құндылықтың музейде тұруын қалағанын жеткізді.


-««Музейге сый» акциясына Қазақстаннан ғана емес, көршілес мемлекеттерден және Түркия Республикасынан да атсалысып жүрген азаматтар бар екенін  тағы  да  айтып   өтсек  артық  етпеген  болар  еді.   Солардың бірі,  шекара  асып, Түркиядан келіп құнды жәдігерлерін музейге сыйға тартып жүрген Исметулла Ясауи мырза,  музей қорына көптеген жәдігерлер сыйлаған Қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагері, ұлағатты ұстаз Адасқан Алтаев, Қазақтың «Дарабоз» батыры Қаракерей Қабанбай батырдың қанжарын сыйға тартқан Қазақ ССР халық суретшісі Сахи Романов және де Ахмадулла Исаев, Аман Абдуллаев сынды музей қорына сирек кездесетін дүниелерін сыйға тапсырған ағаларымыз музей жанашыры деп білеміз»,- деді қорық-музейдің бас қор сақтаушысы Нұржамал Әшірбаева.
Шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК-нің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.