• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістандық ақсақалдар мен қоғам белсенділері үндеу қабылдады

24.04.2019
0

Түркістан облысындағы ақсақалдар мен қоғам белсенділері Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауына «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдайды. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында бас қосқан зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, қоғам белсенділері арнайы мәлімдеді.

Жиында әдебиет зерттеушісі,  филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек  көшбасшы партияның қолға алуымен елімізде жүзеге асып жатқан игі бастамаларды сөз етіп,  «Nur Otan» партиясының атынан Президенттік сайлауға ұсынылған кандидатураны қолдайтындығын жеткізді.

— «Nur Otan» партиясы лайықты таңдау жасады деп білемін. Бүгінге дейін іскерлігімен танылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдермен де байланысы жоғары – деді.

Қазақ елі тарихи әрі жауапты сәтті бастан өткеріп отырғандығын жеткізген  Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Қасымхан Бегманов «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдайтындығын атап өтті.

Басқосуда сөз алған Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Жұмаділлә Кішібаев «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта да ауқымды жобаларды жүзеге асыратындығына сенім білдірді.

— Ел Егемендегін алған аз ғана уақытта қазақ елі дамудың даңғыл жолына түсті. Бір ғана мысал, айналдырған 25 жылға жуық уақыт ішінде еліміз әлемге танылып, ЕҚЫҰ-на төрағалық етті. ЭКСПО көрмесі өтіп, сәулеті мен дәулеті тасыған Астанамыз бой көтерді. Міне, бұл іс-шараның барлығының басында «Nur Otan» партиясы жүрді. Алдағы уақытта да «Nur Otan»  партиясы игі істердің басы-қасынан табылып, елдің дамуы жолында ауқымды жобаларды жүзеге асыратындығына сенеміз. Сондықтан, «Nur Otan»  партиясы алдағы Президенттік сайлауға ұсынған кандидатураны біз толығымен қолдаймыз. Сондай-ақ, елдің даму жолын айқындап берген Елбасының дара жолын жалғастыратындығына сеніміміз мол – деді Жұмадәллі Кішібаев.

Ал, еңбек ардагері Пернетай Досыбеков  «Nur Otan»  партиясы бүгінгі күнге дейін көптеген игі істердің бастамашысы екендігін айтып өтті.

— Елдің даму жолында «Nur Otan» партиясының қосып отырған үлесі ұшан теңіз. Көшбасшы партияның қолға алуымен қазіргі таңда Қазақстанның қай өңіріне барсақ та құрылыс саласының қарқынды дамып, ел азаматтарының жұмыспен қамтылып жатқандығына куә болудамыз. Одан бөлек, «Құтты мекен», «Ардагерлерді ардақтайы», ІТ-сынып ашу жұмыстарымен де халықтың көңілінен шығатын істерге ұйытқы болуда – деді.

Басқосуда  қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Әсетулла Каримов, «Түркістан облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестік төрайымының орынбасары Шолпан Бегалиев,  «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Ниязова, Түркістан медицина колледжінің «Жастар ұйымы» төрағасы  Бақытжан Дөкенбай сөз алып,  «Nur Otan» партиясы бастамасымен атқарылып жатқан істер халықтың көңілінен шығатындығын жеткізді. Елбасы басқаратын «Nur Otan» партиясының саяси бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін сөз етіп, Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауына «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдайтындықтарын айтты.

Жиын соңында көпшілік сайлауға қатысуды және партия ұсынған кандидатураны қолдауға бағытталған арнайы үндеу қабылдады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.