• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қ.А.Яссауи кесенесі және тарихи тұлғалар мен орындар жайлы мәлімет беруге арналған мобильдік қосымша іске қосылды

24.04.2019
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылды, деп хабарлайды «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» РМҚК-нің баспасөз қызметі.

Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және  3D-тур арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы  және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РМҚК-ның қысқаша тарихы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сəулет ғимараты музейі» болып ашылған. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР министрлер кеңесінің № 265 қаулысымен «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» болып құрылып, ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы №585 қаулысымен «Əзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РМҚК болып қайта құрылған.

Қорық-музей өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты — Түркістан өңіріндегі тарихи-мəдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары.  Тарихи-мəдени ескерткіштердің жалпы жер көлемі — 557,1935 га. Құрамында 99 тарихи-мəдени ескерткіш бар. Олардың ішіндегі 1–халықаралық, 16- республикалық, 14-жергілікті маңызға ие. Қалған ескерткіштердің статусы анықталу жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық дəрежедегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сəулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұралар тізіміне алынған. Əлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орыны да айрықша. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нəтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңға 214-і анықталған.

Қорық-музей қорында 25000 дана құнды тарихи жəдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография жəне нумизматикалық тобына жататын жəдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынып орнатылды. Қор бөліміндегі еңбек ететін реставраторлар Ресейден арнайы біліктілікті жоғарылату курстарын оқып келген мамандар.

Екінші бағыты – қорық-музей ретінде, ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлерді сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру жəне оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» РМҚК-нің мобильді қосымшасын Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.