Нұрсұлтан Назарбаев Президент кандидатурасына Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Бас партияның кезектен тыс XIX съезінде алғаш болып сөз алған Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаев қандай жағдай болмасын, әрдайым бірге болған қазақстандықтарға алғысын айтты. Ол өз сөзінде: «Мемлекет басшысымен xалық бірге болғанда, қолдағанда ғана жетістікке жетеміз. Мен әркез шешім қабылдағанда, ылғи мені қолдап, сенім білдіргендеріңіз үшін алғысым шексіз»,-деді.
Сондай-ақ, «Бақытта отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл- ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобалары аясында іске асырылуы қажет дүниелер ұмыт қалмау керектігін тапсырды. Бұл жобалар xалықтың әл-ауқатының өсуіне, тұрмыстық жағдайының жақсаруына, баспаналы болуына өзіндік септігін тигізеді. Сондықтан, жоба аясында әлі де атқарылуы тиіс жұмыстар тоқтамау керектігін ескертті.
«Айғақ-ақпарат»