Қазақстандық шахматшылар Азия Чемпионатынан (Шри-Ланка Калутара қаласы) 18 медаль әкелді.
Қазақстандық шахматшылар Шри-Ланкада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия Чмпионатында 9 алтын, 3 күміс және 6 қола иеленген. Турнирге әлемнің 23 елінен 572 спортшы қатысқан.
Классикалық шахматта тоғыз турдан кейін алтын Димаш Төлендиевке, күміс Қызылордадан келген Назерке Нұрғалиге, қола атыраулық Зарина Нұрғалиеваға, шымкенттік Зейнеп Сұлтанбекке, оңтүстік астанамыздың тұрғыны Алуа Нұрманова мен Ксения Балабаеваға бұйырды.
Рапид және блиц бойынша турнир қорытындысында қазақстандықтар 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді. Классика бойынша турнирдегі барлық жүлдегерлер өз біліктіліктерін ФИДЕ шеберіне кандидат атағына дейін көтерді
ҚазТАГ