• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Сарыағашта Қазыбек би ескерткіші бой көтерді

05.04.2019
1

«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Сарыағаш ауданында «Туған жеріңді таны» тақырыбымен Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің семинары өтті. Іс-шара аясында аудан орталығы Сарыағаш қаласында қаз дауысты Қазыбек бидің еңселі ескерткіші ашылды. Айта кету керек, бұған дейін саялы ауданда Төле би мен Əйтеке би ескерткіштері ашылған болса, енді Сарыағаш қаласы Қазыбек би ескерткішімен толығып отыр. Сондықтан Сарыағаш ауданы қазақтың үш биін бөле жармай еңселі ескерткіштерін пайдалануға беріп отыр. Осы орайда айтулы шараға Түркістан облысының зиялыларымен бірге Алматы, Қарағанды облыстарынан келген қонақтар да арнайы қатысты. Олардың арасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Нəсенов та бар. Сонымен бірге, қарағандылық делегацияны бастап келген Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Ерсін Мұсабеков Қазыбек би ескерткішінің ашылуында сөз сөйлеп Қарағанды облысының əкімі Ерлан Қошановтың құттықтау хатын оқып берді. Сарыағаш қаласының орталығында бой көтерген əйгілі бидің ескерткіші Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан. Тəрбиелік мəні зор шара барысында еңселі ескерткіш салтанатты түрде ашылып, Қазыбек бидің тас тұғырына гүл шоқтары қойылды.

Қазыбек би бабамыз — шешімсіз дау қалдырмай, талай алқалы тартыста озып шыққан, жүйелі сөздің жүйрігі, қызыл тілдің шебері. Ел басына күн туған, қиын шақта, тайынбай, тайсалмай, шындықты, әділетті жақтаған абзал азамат. Осындай, елінің бостандығы үшін аянбай күрескен би, батыр, дипломат, асқан ақыл иесінің ескерткішінің ашылуы баршамыз үшін үлкен қуаныш.

Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) – қазақ халқының ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады.

Қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғұрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Сөйтіп, үш ұлы бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленген.

Қазыбек би Семіз-бұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Марқұмның мәйітін Бекболат оңаша киіз үйде төрт ай сақтап, көктем шыға Түркістаңдағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апарып жерлеген, басына құлпытас орнатқан.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ПОЛИЦИЯНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

 «ПРОКУРОРЛЫҚ САҒАТ»: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ БАСТАР ҚАДАМ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

  Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласының 290 мектебінде «Прокурорлық сағат» атты кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Оған 90 мыңнан астам...

ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ПОЛИЦИЯНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

ТЖД БАСТЫҒЫ ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша VIII Қазақстан Кубогі өтті. Бұл додада еліміздің...

ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ПОЛИЦИЯНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

ШЫМКЕНТТЕ «30 ЖЫЛ – 30 ИГІ ІС» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «30 жыл – 30 игі...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БІРЛЕСІП БАЛАНЫҢ ҚОЛЫН ЭЛЕКТР ЕТТАРТҚЫШТАН БОСАТТЫ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БІРЛЕСІП БАЛАНЫҢ ҚОЛЫН ЭЛЕКТР ЕТТАРТҚЫШТАН БОСАТТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дәрігерлермен бірлесіп, ерекше оқиғаның сәтті аяқталуына үлес қосты. Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген бір...

ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ПОЛИЦИЯНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАП, ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖОЛЫНДА СЕРТ БЕРДІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы...

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САҚТАҒАН 73 ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қару иелерін тексеру жұмыстарын жүргізді. Шараның мақсаты – қаруды сақтау және тіркеу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.