• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Әр балаға — 21 мың теңге: Жәрдемақыға өтініштер қабылдана бастады

01.04.2019
0

Бүгіннен бастап республика бойынша 21 мың теңгелік жәрдемақыны тағайындауға өтініштер қабылданады. Атаулы әлеуметтік көмектің бұл түрі тұрмысы төмен барлық отбасыларға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 21 мың теңгелік жәрдемақыға көпбалалы отбасылар ғана емес, бір баласы бар аналар да іліге алады. «Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілуі шарт. Бұл — Президенттің тапсырмасы. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыда бір бала немесе екі бала болуы мүмкін ғой. Ондай отбасылардың бір айлық табысы адам басына шаққанда 20 789 (күнкөріс минимумның 70 проценті — авт.) аспаса, бір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы тағайындалады», — делінген министрліктің түсініктемесінде.

Осы орайда мамандар бір баласы бар отбасына жаңа жәрдемақы төлеуге қатысты мысалды да келтірді. Мәселен, бір әйел жалғыз баласын асырап отыр. Ал оның бір айлық жалақысы 40 000 теңгені құрайды. Осы ақшаны екі адамға бөлгенде тура 20 000 мыңнан келеді. Демек, отбасының бір айлық табысы адам басына шаққанда күнкөріс минимумның 70 проценті — 20 789 теңгеден аспайды. Заң бойынша балаға 21 мың теңгенің жәрдемақыны төленуі керек.

«Ал анасына 20 000 мен 20 789 теңгенің айырмашылығы төленеді. Сонда баланың жәрдемақысын қосқанда аталған отбасы ай сайын 22 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрады», — деп атап көрсетті мамандар.

Әр балаға 21 мың теңгеден берілетін жәрдемақыны алу үшін өтініштен басқа ешқандай құжаттар қажет емес. Оны жергілікті әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталығына, я болмаса, жұмыспен қамту орталығына тапсырып кетуге болады. Сол жерде жеке куәлікті көрсетіп, өтініште отбасының барлық мүшелерін жазып шығу қажет. Қалған жұмысты мемлекеттік қызметкерлер өздері атқарады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, мамандар өтініште көрсетілген барлық мәліметтерді электронды базамен салыстырады. Ал қандай да бір құжат жетпей жатса, халықты ары-бері шапқылатпайды. Олар қажетті ақпаратқа өздері сұрау салып, тиісті мемлекеттік органдардан алдыртады. Сосын жәрдемақыны алу үшін тұрақты, я болмаса, уақытша тіркеу болуы шарт. Барлық құжаттарды алты айда бір рет жаңартып отырады.

Бір үйді табысын есептегенде тек жақын туыстардың бір айда табатын ақшасы ғана ескеріледі. Олардың ішінде ата-аналар, балалар, әкесі бір, шешесі бөлек ағайындар, ата-әжелер бар. Бұл дегеніміз, осы адамдар бірге тұрса, олардың табысы бір отбасының кірісі ретінде саналады. Қосалқы шаруашылық та кірістің көзі болып есептеледі.  Алайда басқа әлеуметтік төлемдер есепке алынбайды. Соның ішінде көпбалалы отбасының қазіргі мемлекеттік жәрдемақысы (4,16 АЕК — 10 504 теңге), «Күміс алқа» мен «Алтын алқа»-ның төлемақысы (6,4 АЕК — 16 160 теңге), мүгедек балалардың жәрдемақысы мен стипендиялар бар.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек кәмелеттік жасқа дейін төленеді. Бірақ бала колледж, я болмаса, университетке түсіп кетсе, артынан жоғары оқу орнынан кейінгі білім алса, жәрдемақы 23 жасқа дейін төлене береді. Сосын Астана, Алматы мен Маңғыстау облысында жәрдемақының мөлшері сәл көбірек болады. Себебі ол жерде халықтың күнкөрісінің деңгейі жоғары.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі 1 сәуірден бастап тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмектің негізгі шарттарын сараптап шыққан болатын.

 Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.