Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Германия Канцлері Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын айтты», — делінген бейсенбідегі хабарда.
«Германия көшбасшысы достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қалыптасуына және нығая түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесін ерекше бағалады. Ангела Меркель Қазақстанның Тұңғыш Президентіне зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі. Тараптар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты», — деді Ақордадан.