Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордасы — Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп ауыстыру Жарлығына сай «Айғақ» телеарнасы да қолдау білдірді. Аптаның алғашқы күнінде бір топ Түркістан облысының Құрметті азаматтары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және кәсіпкерлерден құралған делегацияны бастап шыққан түсірілім топ Елбасымыз-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел ынтымақтастығын одан әрі жаңа белеске шығару мақсатында жариялаған Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында көрші Өзбекстан Республикасына жолға шықты. «Өзбек халқы – біздің жақын көршіміз, Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі. Сондықтан Өзбекстанмен байланыс біз үшін қашанда маңызды. Келесі жыл Өзбекстанның Қазақстандағы және Қазақстанның Өзбекстандағы жылы деп жарияланады» деген болатын Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 2018 жылдың наурызында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен Астана, Ташкент сапарлары кезінде болған шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін жасаған мәлімдемесінде.
