ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: жастар үшін шағын несиелер мен гранттарға 32 млрд теңге бөлінді

ҚР Үкіметінің отырысы барысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын мақұлдау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Аскар Мамин бірқатар мәселелерге көңіл бөлу қажеттігін тапсырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«Ұсынылған Жол картасында жастарды сапалы әрі қолжетімді біліммен, тұрғын үймен, жұмыспен қамтамсыз етуге, жас отбасыларды қолдауға бағытталған бірқатар нақты шаралар көзделген. Бұл өте маңызды қадам», — деді Премьер-Министр, келесі тапсырмаларды жүктей отырып.

Біріншіден, әкімдіктер тиісті министрліктермен бірге жастарға жыл сайын кемінде бір мың жалдамалы пәтер беру құралын айқындау жөніндегі жұмысты жеделдетуі керек.

Екіншіден, жастарды жұмыспен қамту мәселесін бақылауда ұстау аса маңызды. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту қажет. Бұл үшін Жол картасында жұмыс істемейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға «Жас кәсіпкер» жобасының шеңберінде шағын несиелер мен гранттар беру жөнінде бірқатар шаралар көзделген, аталған жобаға 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Үшіншіден, Жол картасында «Жас маман» жобасы шеңберінде сұраныс бар 100 кәсіп бойынша 200 оқу орнын (180 колледж бен 20 ЖОО) жаңғыртуға 57 млрд теңгеден астам қаражат көзделген.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Білім және ғылым министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірге осы жобаға қатысатын оқу орындары мен кәсіптер тізбесін айқындауды жеделдетуді тапсырды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге Жол картасын сапалы іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Ұқсас жазбалар

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...