• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент: «Түркістанды көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек»

23.03.2019
0

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарында Түркістан облысының атқарушы орган басшыларымен, ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қазақстан Президенті алдымен жұртшылықты мерекемен құттықтады.

«Ең алдымен, баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы 19 наурызда, көктемнің шуақты күнінде бәріміз еліміздегі тарихи оқиғаға куә болдық. Мемлекет болашағын ойлаған Тұңғыш Президентіміз маңызды шешім қабылдады. Осындай сындарлы кезеңде Елбасын және мені қолдаған барша халқыма ризашылығымды білдіремін.

Біз биліктің ауысуын тұрақты жағдайда жүзеге асырамыз. Менің негізгі мақсатым – Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз ету», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы мен оның орталығы Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

«Бүгін мен түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістанға тағзым ету үшін арнайы келдім. Түркістан – еліміздің алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы және бүкіл халқымыздың бойтұмары. Бұл қасиетті жерді көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Түркістанды түлетіп, өркендету мәселесі әрдайым Тұңғыш Президентіміздің назарында болады. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы және жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді. Президент ретіндегі алғашқы сапарымның Түркістаннан басталғаны мен үшін аса маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы жиында қоғамдағы негізгі мәселерерге тоқталып, сабақтастық, әділеттілік, ілгерілеу ұстанымдары бойынша жұмыс істейтінін айтты.

«Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі» деген Президент жастарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге бюджет қаржысын үнемдеу, ол үшін имидждік іс-шаралар мен жиындарды азайту керектігін ескертті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өңірімізге арнайы келіп, тыныс-тіршілігімен танысқаныңызға алғысымыз зор. Түркістанға деген құрметіңіз бен қамқорлығыңызға рахмет. Ел сенімін ақтау, және бүгінгі мәжілісте Сіз айтқан бастамалар мен тапсырмалар бойынша нақты жұмыстар атқаратын боламыз», – деді.

Жиында «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, танымал жазушы Мархабат Байғұт Президенттің алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бастағанына ризашылығын білдіріп, Елбасымыз өкілеттілігін тапсырарда айрықша саяси мәдениет пен парасатты шешім қабылдағанын атап өтті.  Сонымен бірге Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен айтыскер-ақын Маржан Есжанова да жүрекжарды лебіздерін айтып, Мемлекет басшысының Қазақстанның және Түркістанның дамуына үлес қосатынына сенетіндерін жеткізді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
28.08.2025
0

 Құқық қорғау қызметкерлері дөңгелек үстелде бас қосты. Конституцияның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты тақырыпта өткен...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.