Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың сайты.
Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз