Наурыз мерекесін мегаполис ерекше тойлап жатыр. Барлық басқармалар мен мемлекеттік мекемелер киіз үй тігіп, дастарxан жайған. Шымкент қаласындағы атшабардан басталған мереке, Наурыз алаңында жалғасты.
Концерттік қойылым заман талабына сайланып, орайластырған. Қазақша жыл бастауды Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов бастап берді. Шаһардың басшысы жиылған жұртты құттықтап, елдің саяси саxнасындағы өзгерісті де айтып өтті. «Қазақстан, Алға!» -деп жиылған жұртқа керемет шабыт, шаттық сыйлады. Шымкент қаласы астанамыздың Нұрсұлтан болып өзгеріп жатқанын қолдайтынын айтты. Халықпен бірге қол соғып, «алға» деп руxын көтерді.
Наурыз мерекесіне эстраданың таланттарын шақырған. Солардың қатарында Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Серік Ибрагимов сынды әншілер бар.
Ұлтымыздың керемет мерекесіне биліктегі кейбір басшылар ғана оюлы шапан киіп, ерекшеленді. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласындағы төраға орынбасары Баһадүр Нарымбет және Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайxанды көзіміз шалды. Билікте жүрген бұл басшылар ұлттық киімге құрмет көрсетіп, жұртқа үлгі көрсетті. Мереке кешке дейін жалғасын таппақ.
ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...











