Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Түркия Президенті тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ерекше атап өтті.
Режеп Ердоған бауырлас Түркия халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентін түркі әлемінің ұлы перзенті әрі дүниежүзілік деңгейдегі саясаткер ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті.
Түркия Президенті Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс тіледі.
Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.