Түркістан облысында өткен «Nur Otan партиясының кезектен тыс конференциясында партия мүшелері сөз алды. Соның ішінде Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов мерзімінен бұрын Президенттік өкілеттігін тоқтатқан Н.Назарбаевты қимайтынын тебірене жеткізді. Тарихта алтын әріптермен жазылатын Тұңғыш Президенттің еңбегін, ел есінде ерекше сақталатын тұлға екендігін айтты. Сондай-ақ, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Б.Әбдірәсілов және «Ордабасы құс» ЖШС директоры Б.Тағаев мінберге шығып сөз сөйледі.Бақтияр Тағаев партияластарды «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын қолға алып, осы бағытта жастарды тəрбиелеуге шақырды. «Мұғалім білімді ұрпақ тəрбиелесе, тігінші киім тігіп ал құрылысшы сапалы құрылысын салсын. Сонда ғана біз партияның жұмысын жақсартамыз»,- деді.
Жиын соңында Нұр Отан партиясының Түркістан облыстық филиалының құрамына өзгерістер енгізілді. Яғни Көшбасшы партиясының жаңа құрамы бекітіліп, жиын мерекелік көңіл күймен қорытындыланды.
—
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...