• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Аудандарда игерілмеген жер телімдерімен жұмыс күшейтілуі керек

19.03.2019
0

Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Басқосуда облыс орталығын дамыту, өңірдегі көктемгі дала жұмыстарының барысы, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Жиында алғашқы болып баяндама жасаған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Түркістан қаласы аумағында жаңадан 10 гүлзар салынатынын жеткізді.  Сондай-ақ, шаһарды көгалдандыру мақсатында 30 мыңға жуық түп ағаш көшеттері отырғызылған.

Көктемгі дала жұмыстары бойынша мәлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 823,3 мың гектарға, яғни  өткен жылдан 9,8 мың гектарға артық орналастыру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

«Күздік егіс 164,5 мың гектарға егілді. Жер айдау жұмыстары 510,8 мың гектарға жоспарланып, 501,2 мың гектар жер айдалды. Жер айдау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінгі күнге 67,2 мың гектар жаздық дақылдар егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасы 193 мың теңгеден 38 мың тонна жанар жағармай бөлініп, операторлар анықталды. Агроқұрылымдарға жеткізіп беруді қоса алғанда литріне 165-167 теңгеден босатылуда. Бұл нарықтық бағадан 22-24 теңгеге арзан», — деді басқарма басшысы.

Ауыл шаруашылғына байланысты облыс әкімі жерді игеру бойынша аудандағы жұмыстарды сынға алды. Әсіресе, Арыс, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында жер игеру төмен деңгейде екенін атап өтіп, аудан басшылары  аталған саладағы жұмысты реттемесе қатаң шара көрілетіндігін айтты. Сондай-ақ, субсидияларды уақытылы алу әкімдердің тікелей жауапкершілігі екенін ескертті.

Сонымен қатар, жиында өңірдегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналарды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.

«Облыста жалпы 86,6 мың көпбалалы отбасы бар. Бұл республикалық көрсеткіштін 25 пайызын құрайды. Олардың ішінде 16,5 мың отбасы аз қамтылған қатарында. Республикада 571,6 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алса, оның 34,2 пайызы Түркістан облысының тұрғындары. Еліміз бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 28 млрд.теңге тағайындалған, оның 15,7 млрд теңгесі (56%) облыстың үлесінде. Сондай-ақ, өңірде өткен жылы 29 627 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, тұрақты жұмыспен 26 508 адам қамтылды. Бұл республика деңгейінде ең жоғарғы көрсеткіш» , — деді Мұхит Отаршиев.

Облыста атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану үшін шартты ақшалай көмектің біржолғы төлеміне басымдық берілуде. Басқарма басшысының айтуынша, өңірде әзірленген 15 кіші бизнес жобаның іске асыру нәтижесінде 26 459 отбасы ірі және уақ мал шаруашылығымен, 4243 отбасы қызмет көрсету саласында кәсібін дамытуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балаларына ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төлеу бойынша сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетілген. Бұл үшін Е-халық ақпарат жүйесі аудан, қалалардың округтерінде енгізілуде.

Жиынды қорытқан облыс әкімі әлеуметтік көмек рәсімін оңтайландыруға бағытталған Е-халық ақпарат жүйесін енгізу бойынша мерзімінен кешігіп жатқан аудан, қала басшыларына жеделдету қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, облыстағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмекті үлестіру жұмыстары заңды,  әрі әділетті болу қажеттігін жүктеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.