• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Премьер-Министр А. Мамин Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды

16.03.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында салынып жатқан бірқатар нысанды аралады, сондай-ақ облыс орталығындағы жаңа ғимараттар салынатын жерлердің жұмыс жоспарларымен танысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.Премьер-Министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды тексерді. Осы айда іргетасын қалап, 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. А. Маминге құрылыс жұмыстарын отандық өндірістің қажетті материалдар көлемімен қамтамасыз ету үшін өңірде фибробетон (еск. – ауқымды ғимараттар құрылысына қолданылатын материал) шығаратын жаңа зауыт салу көзделгені баяндалды.

Бұдан өзге, А. Мамин медиа орталықтың, конгресс-холдың, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталды. Ұсынылған нысандар жақсы функционалдылығымен, сыйымдылығымен ерекшеленеді және сәулет өнерінің қазіргі стандарттарына сай келеді.

Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, А. Мамин Президент тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болған жағдайда құрылысшыларды қосымша тартуды тапсырды.

А. Мамин «Түркістан — жаңа қала» шағын ауданын аралау кезінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысының басталуымен танысты. Жоба біртіндеп іске асырылады: 2019 жылы 44 үй, 2020 жылы — 52 үй пайдалануға беріледі. Жалпы, 2 977 пәтер «7–20–25» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ облыс әкімдігі жоспарлап отырған несиелік тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы бойынша қолжетімді болады. Бұл көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге ықпал етеді. Премьер-Министр баспана құрылысы көлемдерін кеңейту келешегін зерделеу және қолайлы өмір сүруді қамтамасыз етуге заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атады.

Айта кету керек, жалпы өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі биылғы қаңтар–ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік инфрақұрылымның салынып жатқан нысандарын, оның ішінде білім және ғылым саласындағы нысандарды тексерді. Сапар кезінде Оқушылар сарайының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңдары қаралды.

Түркі дүниесінің рухани-мәдени орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында А. Мамин қаланың тарихи-мәдени орталығын аралады. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Бұдан өзге, Премьер-Министрге Түркістан қалашығын абаттандырудың тұжырымдамалық бас жоспары таныстырылды.

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында туристік инфрақұрылымды құру жұмыстарының жоспарларымен танысып, құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түркістанда туризмді дамыту, оның ішінде ішкі туризмді дамыту мақсатында музыкалық субұрқақ, амфитеатр, аттракциондары бар қалалық саябақ салу көзделген.

Дереккөз: primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА — 25 ЖЫЛ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент жүрек орталығына – 25 жыл. Атаулы күнге орай орталықтың өз базасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық...

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында №145 мектепте «Егемен ел – жарқын болашақ» тақырыбында «Прокурор сағаты» өтті. Шарада оқушыларға қылмыстың қауіптілігі, қылмыстық жауапкершілік пен...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте қазақ күресінің байрағы тағы да биікке көтерілді. Аса ауыр салмақтағы балуандар арасында дәстүрлі, 13-рет ұйымдастырылып жатқан «Шымкент барысы» турнирі...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы бойынша жиын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар шеберлігін дәлелдеді. Байрақты бәсекеде олар ел намысын асқақтатып, 1 алтын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

9 қыркүйек — Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Шымкентте ұлттық ойынға арналған спорттық  дода өтті. Бұл бәсекеге спорт басқармасына қарасты...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.