• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Шөкеев: «Түркістан — таза әрі жасыл қалаға айналуы тиіс»

11.03.2019
0

Бүгін Түркістан облысының  әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне қайтарылатын нысандар және инфрақұрылымдық жүйелер, тазалық туралы  баяндама жасады.

«Түркістан қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында негізгі 72 көше бюджет қаражаты есебінен тазаланып келсе, биыл тазаланатын көшелер саны 122-ге көбейді. Қала тазалығын қамтамасыз етуге «Түркістан-Жарықтазалық» мекемесінен 164 адам, 36 техника жұмылдырылған. Көлік козғалысы және автокөлік жолдарын реттеу арқылы қала тазалығын қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар.  Бұл мақсатта 2019 жылы қаламыздағы 62 шақырым жол инфрақұрылымын дамыту үшін 5 көше күрделі, ал 27 көше орташа жөндеуден өтті. Қала аумағын көгалдандыру мақсатында 2018 жылдың күз айында көше бойларына 46 мың түп ағаш егілді», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, жиында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев Әкімшілік-іскерлік  және рухани-мәдени орталықтардағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Баяндамаларды тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар тапсырмалар берді.

«Түркістан қаласының дамуын басты назарда ұстағанымыз жөн. Саябақтарды суландыру жүйесін жолға қойып, қаланың айналасын көгалдандыруды қолға алу қажет. Ескі каналды және жер асты суын пайдалану бойынша арнайы зерттеу жасап, бір апта көлемінде нақты ұсыныс беруді тапсырамын.  Түркістанның жері жайлы, мұнда кез-келген ағаш жайқалып өседі. Сондықтан да, қаланы көркейту, тазалығын сақтау – біз үшін басты орында. Қала айналасындағы «жасыл белдеуді» ұлғайтып, ағаштардың жаңа түрін егуіміз керек. Салынатын нысандардың барлығы дерлік өзінің ортағасырлық келбетін сақтауы тиіс. Қала көшелерін кеңейтіп, жақсы, жаңа автобустар  жүргізу қажет», – деді  облыс басшысы.

Одан өзге, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов өңірдегі экономикалық көрсеткіштерге тоқталды.

«2019 жылы облыстың бюджет көлемі 561 млрд. теңгеге жетті. Бюджетте ағымдағы шығындар 473,9 млрд. теңгені, даму бюджеті 87,1 млрд. теңгені құрап отыр. Бюджет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде орындауға бағытталды. Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 310,6 млрд. теңгені немесе үлесі 55%-ды құрады. Даму бюджетінде негізгі басымдықтар апатты және үш аусымды, ыңғайластырылған мектептер, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, ауыз су, табиғи газ және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету болып табылады», –  деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі кешенді жоспарды қайта жасауды тапсырып, бюджет жоспарлауға қатысты сын-ескертпелер жасады.

«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын көздейтін кешенді және бюджеттік жоспарларда Түркістан басымдықта болуы тиіс. Облыс орталығы барлық жағынан өзінің статусына сай дамуы керек. Дегенмен бюджеттің кіріс бөлігін  салықтық түсімдер арқылы көбейту мүлде көңіл көншітпейді. Бұл бойынша жеке жұмыс жүргізетін боламыз. Ал жол жөндеуге милллиардтаған ақша бөлінген. Жөнделген жолдың сапасы сын көтермейді. Бюджет қаражатын шашпай үнемдеп тиянақты жұмсауды үйрену керек. Нақты жөнделген жолдардың тізімі жасалсын. Түркістан қаласында медициналық орталықтар аз, оларды көбейту қажет. Бұл мәселелердің барлығын нақты жоспармен шешу қажет», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.