Эфиопияда құлаған ұшақта БҰҰ 20 қызметкері мерт болған, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметінен.
«Белгілі болғаны, қаза тапқандар арасында БҰҰ жүйесі мекемесінің 19 қызметкері бар, соның ішінде халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ), Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ басқармасы (БІЖБ), Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) және Дүниежүзілік банктің қызметкерлері бар», — деп хабарлады дүйсенбіде БҰҰ-нан.
Хабарда атап өтілгендей, ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш әуе апаты туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Ол қаза тапқандардың туғандары мен жақындарына, соның ішінде БҰҰ қызметкерлерінің отбасына, сондай-ақ Эфиопия халқы мен үкіметіне қайғырып көңіл айтады», — деп хабарлады бас хатшының баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласынан алыс емес жерде Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 157 адам болған, соның ішінде сегізі экипаж мүшесі болатын. Ұшақ Аддис-Абебадан Найробиге бет алған. Алдын-ала ақпар бойынша, ешкім аман қалмаған. Белгілі боланы ұшақ бортында 35 мемлекеттің азаматы бар екен.