Сарыағаш қаласы Шораұлы көшесінің бойында орналасқан Орталық саябақтың жер көлемі 5,6 гектарды құрайды. Бұл жерді инвестициялық жолмен жеке кәсіпкер Түктібаев Исабек өз қаражаты есебінен 115 млн. теңге қаржы жұмсап, жалпы 25 ойын-сауық аттракциондарды орнатып жұмыс жасауда. Ал жалпы алғанда 2019 жылдың 22 наурызы күні ойын-сауық алаңдарының барлығын яғни, 100 пайыз іске қосуды жоспарлап отыр.
Жоба жүзеге асса 550 баланы бір мезетте қабылдай алатын демалыс орнына айналары сөзсіз. Бүгінде саябақты көгалдандыру, көркейту жүмыстары жүргізілуде.
Айта кететін жайт саябакта алғашқы ағаштар 1968 жылдары егілген. Бүгінде аталған орталыққ 500-ден астам жас көшеттер отырғызылып жатыр.
«Айғақ-ақпарат».