2020 жылы тарифті төмендетуден инфляцияға оң әсер болмайды, деп хабарлады Қазақстан Халық банкінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылы инфляция өзінің нысаналы деңгейінен асып кету қаупі бар. Біріншіден, реттелетін қызметтердің тарифтерін төмендетуден инфляцияға оң әсер болмайды деп болжануда. Екіншіден, ең төменгі жалақыны арттыру және қызметкерлердің төмен ақы төленетін санаттары үшін ЖТС-ты төмендету аясында тұтынушылық сұраныстың өсуі сақталады», — деді сәрсенбіде Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин.
Сонымен қоса, әлемдік азық-түлік инфляциясының серпіні болжамдық перспективада Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының өсуіне әсер ететін болады.
«Ол болжамдарға сәйкес, 2019 жылы Қазақстандағы жылдық инфляция 4-6%-дық жаңа нысаналы дәлізде болатынын атап өтті. «2018 жылғы қараша-желтоқсан» өткен болжамдық раундымен салыстырғанда 2019 жылы инфляция траекториясы төмендеу жағына түзетілді, бұл тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуіне байланысты болды», — деді Ұлттық банктен.