Келес ауданының әкімі Ақмеңтай Есбаев әкім аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бекітілген кесте бойынша, әр айдың екінші және төртінші дүйсенбі күндері сағат 16-00 де, аудан әкімі тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша, қабылдау өткізіп, онда аудан тұрғындары әкіммен өздерін мазалаған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, тиісті орындардан жауап ала алады.
Аталған қабылдау кезінде, аудан тұрғындары жер мәселесі жайында, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты өздерін мазалаған сұрақтарымен бөлісті
Ақмеңтай Есбаев аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды атап тапсырды.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.