• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Әкім болған Түймебаев қандай ісімен ел есінде?

28.02.2019
0

Әкімнің креслосын босатқан Жансейіт Қансейітұлы ел есінде несімен қалды? Оңтүстіктің соңғы ал, Түркістан облысының тұңғыш әкімі болған Түймебаевтың есімі тарихта жазылары сөзсіз. Себебі, Қазақстанда су жаңа облыс құрылғанда басы-қасында болған  дәл осы азамат. Бәйдібек ауданына қарасты Қайнар ауылынан қайнап шыққан қайраткер күнгей аймағына не өзгеріс алып келді? Түймебаев дәуреніне кері шегініс жасап көрейік. 

2016 жылдың 7-қазаны. Дәл осы дата Жансейіт Түймебаев үшін ерекше сәт. Өйткені, жеті жылға жуық Елшілікте жүріп дипломатиялық қабілетін көрсеткен азамат туған жеріне абыроймен келді. Негізі лауазымды шенеуніктер елден жыраққа Елші болып кеткенде тағдырлары әрқилы болып өзгереді. Кейбіреулері сол бойы биліктің сахнасынан орнын жоғалтса, енді біреулерінің қызметтері жоғарылайды. Ресей, Түркия, Албания Республикаларында дипломат болған Түймебаев орны айрықша Оңтүстікке әкім болғанда жұрт елең етті. Филология, заңгер мамандығын игерген азаматтан қайырлы жаңалық күтті. Тіл байлығы зор, сөзіне сендіре алатын Жансейіт Қансейітұлы креслоға отырған күннен бастап елді мекендердің тынысын назарға ілді. Шетелдің өмірін көріп, тәжирибе жинаған басшы бірден мәдениетті көтеру керек деп айтты. Туристерді шошытпай, әжетханаларды реттеу керектігін тапсырған болатын. Жауапкершілікті сезінетін аудан, қала әкімдері әжетханаларды қолға алып, жаңартты.

«Шатқал» десек барлығымыздың есімізге Түймебаев сарт етіп оралады. Қоршаған орта табиғатты аялау керектігін қатаң қадағалаған азамат Шымкент қаласында шатқалдарды салып, жасыл желек егілген болатын. Саябақтарға отырғызылған сол көшеттердің біразы көгерсе, кейбір ағаштар қараусыз қалғаны жасырын емес.

Дәл осы еккен талдардың орын жасыл баққа айналуын армандаған Түймебаев бір топ қызметкерлерді туысқан Түркия жеріне тәжірибе алмасып қайтуын да ұйымдастырды. Дегенмен, облыс орталығы Түркістанға ауысып бұл идеян соңына жетпей кетті. Иә, айтпақшы әлеуметтік салаға жіті мән берген Жансейіт Қансейітұлы дәрігерлер мен ұстаздардың біліктілігін шыңдап тәжірибе алмассын деген мақсатпен сол Түркияға талай топты жіберді. Қара теңіз жағалауындағы тамаша мекенге барғандардың қатарында журналистер де бар. Бұл сапара әріптестердің естерінен шықпаған болар.

Бір кездері білім саласының көсегесін көгерткен министр Оңтүстік өлкесінде әкім болғанда ұстаздарына алғыс айтқан бірден-бір басшы. Қаратаудың етегінде дүниеге келген Түймебаев орта білімді Шымкент қаласында алған. Қазіргі Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын №12 мамандандырылған мектеп-интернаты Түймебаевтың түлеп ұшқан алтын ұясы. Әкім болған сәтінде ұлағатты ұстазарына құрмет көрсеткен мемлекеттік қызметкер шәкірттік міндетті бәріміздің есімізге тағы бір салған болатын. Халық үшін игілікті тірлік атқаруға барын салған бұл азаматтың тұсында талай шаңырақ шаттықа кенелгені естеріңізде ме? Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баспананың кілтін табыстау үшін тірлікті тездетіп, көп қабатты үйлердің құрылысын соңына жеткіздірді. Елмен елді елдестіруде тәжірибесі мол Жансейіт мырзаның әкім болған уақытында инвесторларды жиі тартқан болатын. Әсіресе, Түркия Республикасынан кәсіпкерлер келіп, бірлесіп жұмыс жасау мақсатында қаншама мемарандум түзілді. Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы әкімі болған азамат ауыз толтырып айтарлықтай іс атқарғаны әлі күнге дейін жұртшылықтың есінде болар…

Түймебаевтың тұсында қол қойылған тарихи оқиғалардың ең маңыздысына тоқталсақ. Қордаланып қалған Мақтарал мен Сарыағаш аудандары дәл осы еңбекқор әкімнің кезінде екіге бөлінген болатын. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын Түркістан қаласына көшіру Түймебаевтың өмірбаянына алтын әріппен жазылып қалар оқиға. Шымкент қаласының миллионға жетуі дәл осы қайраткердің тұсындағы жаңалық.

Мемлекеттік қызметте айы оңынан туып, 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысына әкім болды.  Қасиет қонған құт мекеннің билігін Жансейіт Қансейітұлының тұңғыш тізгіндеуі тектен-тек емес сірә.  Қазақ хандығының резиденциясы болған рухани орталық бойында имандылығы, ілімі бар қайраткерді жетелеген болар. Қалай десекте, Түркістан облысында Түймебаевтың ізі бар.  Атақты хандар, билер, батырлардың сүйегі жерленген киелі өңірдің екі тізгін, бір шылбырын қолға алған азамат осылайша Түркістанды өзге қырынан көрсете бастаған болатын. Жаңа әкімшілік әскерлік орталығының капсуласына алғаш қолы тиген тұлға.  Сабырлы, салмақты мінезі бар байырғы әкім түрлі фестивальді ұйымдастырып, халықтың назарын аударды. Мәселен, Түлкібаста «Ақсу Жабағылы алауы, шұбайқызыл жалауы» атты фестиваль, Бәйдібек ауданында «Қымызмұрындық», Жетісай ауданында «Қауынфест», туризм саласын дамыту бағытында «Сафари-Шардара», Төлеби ауданында «Тау самалы, жан самалы» атты фестивальдер Түймебаевтың тұсындағы жаңалық. Мәдениет қайраткерлеріне көп мән берген, жастарға жиі көңіл бөлген Жансейт Қансейітұлы қызметтен кетер уақытында Түркістан облысында жастар орталығының ғимаратын пайдалануға беріп, ел есінде тағы бір қырымен сақталды.

Мінекей, бұл айтылғандар ертеңге аңыз болар саясат саңлағының ғұмырнамасы. Ой-өрісі кең, түкті жүректі, алғыр азаматтың еліне бергенінен, әлі берері көп. Сондықтан Түймебаевқа сәттілік тілеп, биік белестен көрінуіне «Айғақ» ұжымы әркез тілекші.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.