«Нұр Отан» партиясының «Жалпыға бірдей игілік үшін экономикалық өсім» тақырыбындағы панельді сессиясы басталды. Басқосуға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Павлодар облысының және Шымкент қаласының екі жүзге жуық делегаттары, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының депутаттары, Ұлттық экономика, Қаржы және Энергетика министрлігі, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысуда.
Халықтың кірістерін және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Елбасының берген тапсырмалары мен бастамаларын іске асырылу барысын және партияның жаңа бағдарламасының жобасындағы экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыруға қатысты іске асырылатын шаралар талқылануда.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 млн азаматының басын қосатын 247 филиал және 5600 бастауыш партия ұйымдары жұмыс жасайды.
«Айғақ-ақпарат».