Әлібек Шегебай 1974 жылы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Сүткент ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Әл–Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Астана қаласында өткен жастардың 5-ші Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. 1997 жылы Респуликалық «Жалын» журналында жариялаған топтамасы үшін, Т.Айбергенов атындағы сыйлық иемденген. 2000 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар» жырларының антологиясына өлеңдері енген. Қазіргі таңда республикалық «Қазақ радиосында» қызмет атқаруда.
Енді, Әлібек Шегебай жазушылар мен етене араласып, қызмет етпек.
«Айғақ-ақпарат».