Бүгін Тараз инновациалық – гуманитарлық университетінде «Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның тарихи тұлғасы мен асыл мұрасы» деген тақырыпта конференция болып өтті.
Конференцияда Ә. Әмзеұлы, С. Құлбарақ, М. Рысдәулет, К.Сәттібайұлы сияқты зиялы қауым өкілдері көрнекті жазушы, әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның рухани әлемі туралы арнайы баяндама жасады.
Модератор — Мейрамбек Төлепберген конференцияға қатысқан студент жастар мен оқытушы профессорлар құрамы алдында Шерхантанудың қоғам мен әдебиеттің құндылықтарын тануда үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, бар қазақ құрметтеген Шерхан Мұртазаның қайраткерлігі мен шығармашылығын зерттеу бойынша көптеген іс атқарылу қажеттігін еске салды.
ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықов алдағы уақытта Шерхантану орталығы іргелі ғылыми зерттеу орталығы болып құрылатынын және Шерхан оқулары жыл сайын республикалық деңгейде өткізуді ойластырып отырғанын хабарлады.
Конференцияда 5 мың мүшесі бар жоғарғы оқу орнының ұжымы университетке ұлт перзенті, атақты сөз зергері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның есімін беру жөнінде ұсыныс жасап, ол толық қолдау тапты. Бұл ұсыныс алдағы уақытта тиісті орындарға жолданатын болады.
TURANINFO.KZ.