• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 13 ақпан, 2019 жыл.

15.02.2019
0

— Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, Ордабасы аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ордабасы ауданының әкімі қызметіне Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Ол 1981 жылы Шардара қаласында дүниеге келген. 2003 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде «Universiti of Georgia» оқыған. Еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. 2005- 2008 жылдары Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. 2008 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатында қызмет жасаса, одан кейінгі еңбек жолын Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметімен жалғастырған. Ендігі жерде Қайрат Жолдыбайұлы Ордабасы ауданының тізгінін ұстады.

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы бойынша өкіл имамы және облыстағы аудан, қалалық бас имамдарды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі директорының міндетін уақытша атқарушы Мәди Әбзелбекұлы Бесбаев, Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Оқапұлы Сыздықов және Төлеби ауданының бас имамы Самат Сапарханұлы Анарбаев ұсыныс пікірлерін білдірді. Жалпы облысымыздағы діни ахуал тұрақты екендігін жеткізген дін саласының қызметкерлері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда жасалатын діни іс-шаралар жоспарымен де таныстырып өтті. Өзге ағымдарға қарсы ағарту және алдын-алуда жүйелі істің жүргізіліп жатқандығы айтылып, бірнеше бағытқа бөлінген жұмыстардың жай-күйі баяндалды. «Халықпен мейлінше тиімді жұмыс жасау үшін, Елбасы барлық жағдайды жасап отыр. Балаларымыз, жастарымыз үшін күнделікті жұмыс істеуіміз керек. Ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеуді айтып келеміз. Қазақ халқына тән салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты насихаттап, соған мән беру маңызды»-деді облыс әкімі. Өз кезегінде қоғамдағы жастардың тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу керектігін баса айтқан Жансейіт Қансейітұлы бірнеше мәселе бойынша тапсырмалар берді. Діни тұрақтылықты сақтау мақсатында аудан қалаларда дәстүрлі діни бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

— «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс 36 конференциясы өтті.  Түркістан облысының əкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев пен мəслихат депутаттары жəне бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қатысқан конференция күн тəртібінде жеті мəселе қаралды. Сонымен бұл күні  көшбасшы партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бір ауыздан сайланса, «Нұр Отан» партиясының Астана қаласында өтетін 18 сьезіне өңірімізден ұсынылған делегаттар тізімі де бір ауыздан қолдау тапты.

— Шымкентте  «Нұр Отан» партиясы филиалының кезектен тыс 36-шы конференциясы өтті. Қала әкімінің орынбасары, партияның бюро мүшесі  Қайрат Нұртай қатысқан алқалы жиынға, саяси кеңес  мүшелері мен  бастауыш партия ұйымдарының төрағалары келді. Жиынның күн тәртібінде  7 бірдей мәселе қаралып, қатысушылардың назарына алынды.  Сонымен қатар, бұл күні Астана қаласында өткізілетін «Нұр Отанның» 18-ші сьезіне 60 бірдей делегат Шымкенттен сайланды.

— Түркістан облыстық клиникалық аурухананың көз аурулар бөлімшесіне Украиналық дәрігер Оксана Петренко жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу үшін арнайы келген. Көзін жарақаттаған науқастарға шетелдік маманның қатысуымен ота жасалды. Ақпанның 13-і мен 14-і күндері жергілікті медицина қызметкерлеріне мастер класс өткізетін болады.

— 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Осы айтулы күнге байланысты Отырар кітапханасында ардагерлер мен оқушылар басқосты. «Ауған соғысы: отқа оранған он жыл» тақырыбында өткен жиында сұрапыл соғыстағы естеліктер айтылып, қаза болған батырларға құрмет көрсетілді.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.