Тараз қаласына 2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 69,2 млрд. теңге. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 43,6 млрд. теңге, бюджеттік салымдар- 24,2 млрд. теңге болса, ал банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған құжаттар құны -1,4 млрд. теңгені құрайды.Есепті кезеңде Тараз қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 43,7 млрд. теңгені құрағандығы айтылды. 2018 жылы тұрғын үй құрылысы бойынша «Арай» тұрғын алқабындағы 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үй және «Бәйтерек» мөлтек ауданында 100 және 60 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мықтап қолға алынып, іске асырылып жатқандығы мәлім. Аталған бағдарлама аясында Тараз қаласында 8 бастама негізінде өткен жылы біршама мардымды істер атқарылған екен. Атап айтсақ, «Ақылды қала — қауіпсіз қала» жобасы бойынша #41 мектеп-гимназиясында оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдерін тіркеп отыратын «қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді және 16 мектепте бейнебақылау жүйесі жаңартылған. Сондай-ақ, Тараз қаласында 10 «ақылды бағдаршамдар» орнатылыпты. Ендігі жоспар, 2010 жылы пилотты жоба ретінде «Астана» мөлтек ауданында 8 ауланы «ақылды жарықтандырумен» қамтамасыз етілетін болады.
2018 жылы 463,4 млн. теңгеге 6362 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 3820 отбасына 208,1 млн. теңгеге тұрғын үй тарту етілсе, 1847 отбасының 9444 адамына 236,1 млн. теңгеге әлеуметтік жәрдем берілген. 2017 жылдан қалған «Өрлеу» жобасы бойынша 695 отбасыға 19,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаржы есебінен тағайындалған.
«Айғақ-ақпарат».