• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 11 ақпан, 2019 жыл.

13.02.2019
0

— Түркістанда су тоғандарына бақылау күшейтілді. Мұндай тапсырма бүгін Түркістанда аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде берілді.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — «Гидротехникалық нысандарды тасқын судан сақтау, жинақтау және бөлу туралы» сөз алған ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов қар суы мен тасқын суларды жинау үшін су қоймаларын салу және реконструкциялау бойынша 26 шағын су қоймасының құрылысын жүргізу арқылы ауылшаруашылығы айналымына жаңа 25,5 мың гектар жер енгізуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Тақырыпқа қатысты әрбір ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға жекелей тоқталған Нұрбек Бадырақов ағымдағы жылы құны 1,2 млрд. теңгеге 10 нысанды қалпына келтіру жоспарланып отырғанын жеткізді. Нәтижесінде, Түркістан облысында 400 гектар жер жаңадан іске қосылып, 6 мың гектар жер сумен қамтамасыз етіледі, 1,2 мың гектар аймақтың мелиоративтік жағдайы жақсармақ.

— Шымкент қаласы әкімдігінің 3 бірдей басқармасының атауы өзгертілді. Бұл шешім Шымкент қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен  44-ші сессиясында тхалық қалаулыларымен мақұлданып, толықтырулар енгізілді.

— Биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы. Осыған орай ұйымдастырылып жатқан игі істердің легі көңіл қуантады. Соның бірі Ташкенттің төріндегі Түркістан сарайында өтті.  Екі елдің әдеби достығын қаламына арқау еткен Мекембай Омаров 70 жылдық мерей тойына орай әдеби кеш ұйымдастырылды.

— Ер есімі ел есінде. Бүгін Орта Азия халықтары арасынан шыққан тұңғыш Генерал-майор Сабыр Рахымовтың туған күніне биыл 117 жыл толуына орай  іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға ұлы батырдан тараған ұрпақтары, майдангерлер, ұлы тұлғаның атымен аталатын мектептердің өкілдері мен оқушылар қатысты. Онда батырдың өмірбаянынан сыр шертетін бейнероликтер ұсынылып, соғыс алаңында жасаған ерліктері тағы бір мәрте ұлықталды. Көзделген мақсаты, ұлы тұлғаның ерлігін жастардың санасына сіңіріп, жас буынның арасында патриоттық тәрбиені насихаттау.

— Түркістан облысының халқы тағы бір үшеммен толықты. Бұл сүйінші хабарды Түркістан облыстық №1 перенаталды орталықтың дәрігерлері жеткізді. Жүктіліктің 32 аптасында ерте босанған Жадыра Абдалиева үшемді ота арқылы өмірге әкелген. Алғашында жансақтау бөліміне жатқызылған сәбилердің қазірде жағдайы бірқалыпты болып, өз отбасына қайтарылды.

— Ал Шымкентте 10 ақпан күні «Shymkent Plaza» ойын – сауық орталығында Айша есімді қыз дүниеге келді. Анасы, Әйгерім Әбікәрімқызы  айы күні жеткенде, перенеталды орталыққа дайындалып , өзіне қажетті заттарды алуға, белгілі сауда орталығына келеді. Алайда, 23 жасар қыздың аяқ асты толғағы ұстап, тап осы Шымкент плаза орталығында босанады. Жедел көмек көрсетуге, сауда орталығының ұжымы бірден кіресе кетіп, жас ананың өмірге аман –есен сәби алып келуіне көмек көрсетті. Сонымен қатар, бұл қуанышты жағдайға, орталық акімшілігі демеушілік жасап, сәбидің 1 жылдық жөргегі мен баланы тасымалдау арбасын сыйға тартты.

— Ордабасы тауында үш жүздің басы қосылғандығы тарих беттерінен белгілі. Қайсар қазақтың бірлігі мен амандығы сөз болған киелі орында Қазбек би, Әйтеке би және Төле бидің ескерткіштері 2018 жылы орнатылған. Ал 1993 жылы түркі тілдес үш мемлекеттің Президенттері дәл осы мекенде бабаларды еске алу жиынына қатысқандығы тағы бар. Бірнеше рет тарихи жайтқа куә болған Ордабасы тауында туризмді дамытуда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

— «Openlab» — халықаралық білім беру шарасы Шымкентке де жетті. Құрылғанына 3 жыл толған білім жәрмеңкесі осыған дейін тек Алматы қаласында өткен. Бүгінде еліміздің Алматы, Шымкент, Павлодар мен Петропавл қалаларында жалғасын тауып отыр. Егерде сіз – физика, химия, биология және басқа да жаратылыстану бағыттары туралы өз біліміңізді тексергіңіз келсе, ашық зертханаға келуді ұмытпаңыз! «Ашық лаборотория» жастар арасында «Laba» зертханалық жұмыстарымен танымал. Іс-шараға онлайн тіркелуге мүмкіндік бар және онлайн режимде сынақ тапсыра аласыз. Жастар ресурстық орталығында өткен «Ашық лабораторияның» мақсаты – жастар арасында ғылыми сауаттылықты арттырып қана қоймай, қызығушылықтарын да ояту. Биылғы «Laba»  білім жәрмеңкесі химиялық элементтердің мерзімді кестесіне қатысты сұрақтар мен жұмбақтарды қамтиды. Іс-шараға қатысушылар 25 тест сұрақтарына  жауап берді. 28 мемлекетті қамтитын «Openlab» жобасы әлем жастарының ғылымға бет бұруына түрткі болмақ.

— Шымкент қаласында өткен Халықаралық волейбол жарысы қорытындыланды. Айта кетейік, белгілі волейболшы Пердебай Мырзашүкіровтың атынан ұйымдастырылған сайысқа көршілес Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан мен елімізідің үздік спортшылары шақыртылған. Жастар арасында өткен сайыс 1 күн бойы жалғасып, тартысты өткен болатын. Спортты дамыту, жас спортшылардың волейболға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнирдің бас жүлдесіне 300 мың теңге қойылған. Одан бөлек, екінші орынды иеленген команда 200 мың теңгені және үшінші орын иегерлері 100 мың теңгені қанжығасына байлайды. Енді, осы сыйақылар қай командаларға бұйырғанына тоқталсақ. 12 команданың ішінен топ жарып, алға шыққан «Шымкент-жанармай» командасы болды. Ұпай санымен артта қалған Қызылорда қаласының «Қайсар» командасы екінші орынды қанағат тұтты. Ал, Түркістан облысының намысын қорғаған «Көлік инспекциясы» командасы үшінші орын алды. Сондай-ақ, «Үздік волейболшы» номинациясын Батырсейіт Қайырлыбаев иемденді.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.