15 ақпан — Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл. Айтулы күнге байланысты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылып, жас ұрпаққа үлгі етілді. Шымкент қалалық Отырар кітапxанасы ұйымдастырған бас қосуда сұрапыл соғыстағы жанкешті оқиғалар мен қиын сәттер баяндалды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ауған жеріне 23 000 жерлесіміз аттанып, борышын өтеген. 761 жауынгерімізді Ауған оты жалмап, қаза тапқан. 26 жауынгер із-түссіз жоғалып, 1000-ға жуық адам мүгедектің күйін кешуде және тағы 1000 адам өз Отаны Қазақстанға жаралы күйде оралып, оның ауыртпашылығын көтере алмай көз жұмған. Міне, қаншама адамның өмірін жалмаған Ауған соғысы бүгінгі қариялардың есінде ерекше сақталған. Ол кездерді қайта еске алу, ескі жараның бетін қайта тырнау болып саналса да, кездесуде ардагерлер оқушыларға үлгі ретінде айтып берді. Ал, №47 Т. Тәжібаев және №7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары бар ықыласымен тыңдап, бойларына ерекше руx алып отырды. Көңілі түскен ардагерлер қауымына ән-жырларын арнап, батырлардың жүзіне күлкі сыйлады.
«Айғақ-ақпарат»