Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, Ордабасы аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ордабасы ауданының әкімі қызметіне Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Ол 1981 жылы Шардара қаласында дүниеге келген. 2003 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу кезінде АҚШ-тағы Джорджия университетінде «Universiti of Georgia» оқыған. Еңбек жолын 2003 жылы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастаған. 2005- 2008 жылдары Қаржы министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған. 2008 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатында қызмет жасаса, одан кейінгі еңбек жолын Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметімен жалғастырған.
Ендігі жерде Қайрат Жолдыбайұлы Ордабасы ауданының тізгінін ұстады.
«Айғақ-ақпарат»