Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігінің бұрынғы вице-министрі Нұржан Әлтаев парламент мәжілісінің депутаты болды, тиісті антты ол сәрсенбі күні алқа отырысында қабылдады.
«Кеше ҚР ОСК қаулысымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы парламет мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Соған байланысты барлық депутаттық корпус атынан біздің жаңадан сайланған әріптесімізді құттықтаймыз», — деді мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Н. Әлтаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болған, 2018 жылдың басынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
Мәжілісте ол аграрлық мәселелер комитетіне кірді.