Қысқы Универсиада ойындарының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстан құрамасының формасының суреті жарияланды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының формасы қара-алтын түсте тігілген. Ұлттық тудың суретінен бөлек онда KAZ деген Универсиаданың эмблемасы бейнеленген.

Айта кетейік, қысқы Универсиада ойындары 2-12 наурыз аралығында Красноярск қаласында өтеді. Универсиада — студенттер арасында өтетін халықаралық спорт жарыстары. Соңғы рет Универсиада ойындары Алматыда 2017 жылы өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 2-орынды иеленіп, 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль алған еді. Ал биыл Универсиадаға 3000 мыңнан аса адам қатысады.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz