Қазақстанда «А» корпусының кадрлық резервіндегі мемқызметкерлер саны қысқаруы мүмкін, деп мәлім етті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.
«Мемлекет басшысы ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаларын енгізу міндетін қойды. Біз не әзірлеп жатырмыз? Мемқызметтің саясаттануын төмендету. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, АҚШ, Жапония, Германияның озық елдерінде «А» корпусындағы саяси тағайындалғандардың саны Қазақстанға қарағанда барынша төмен. Саяси қызметкерлерге міндеттері негізгі саяси шешімдер қабылдаумен байланысты емес тұлғалар жатқызылмауы керек. Басқаша айтсақ, міндеттерді жүзеге асыратындардың саны, ол міндеттерді қоятындардан көп болуы керек. Дисбалансты жою мақсатында мемлекеттік қызмет тізілімі мен тиісті механизмдерін қайта қарау қажет», — деп ұсынды А.Шпекбаев бейсенбідегі коллегия барысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанда мемқызметкерлердің білімі мен қабілетін бағалау тәсілдерін күшейту ұсынылды.
«Айта кетейін жетекшілік етіп отырған саласында терең білімнің болмауы тиісті нәтиженің болмауына әкеліп соғады. Комитет төрағаларының қызметіне салалық білімнің болуы туралы міндетті талап қоюды ұсынамыз», — деді А. Шпекбаев.