Қазақстан мен Ресей Премьер-Министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Алматыда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика салаларындағы, сондай-ақ ғарышты игеру мен цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған екіжақты қарым-қатынастардың мәселелері талқыланды. «Байқоңыр» бойынша ынтымақтастық әлеуетін дамыту перспективалары қаралды. Аймақаралық және шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Екі тарап ХV Аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында екі мемлекеттің Басшылары қол қойған ҚР мен РФ-тің 2019–2021 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарының іске асырылу барысын қарады. Туризм саласындағы, ең алдымен, шекара маңы өңірлеріндегі өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін шешуге үлкен мән беріледі.

2018 жылдың қаңтар–қараша айларында екіжақты тауар айналымы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% ұлғайып, $15,7 млрд құрады.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымында Ресей үлесі шамамен 19% құрайды, бұл ел Қазақстан өнімдерін экспорттау бойынша 4-орында.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...