• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«ЗЕРГЕРДІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

30.01.2019
0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай, Халықаралық зергерлер күні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Зергердің қолы алтын» көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Көрмеге музей қорындағы  ХIХ-ХХ ғасырларға тән әшекейлер мен зергерлік бұйымдар, түрлі қолөнер туындыларынан құралған 100-ден аса жәдігерлер қойылды.

Шараға қолөнер шеберлері, мектеп оқушылары және зиялы қауым өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.

Тарихи жәдігерлермен таныстырып, олар жайлы деректермен бөлісуге арналған жиында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы көпшілікті айтулы шарамен құттықтады.

-«Әзірет Сұлтан» бабамыздың атымен аталатын қорық-музей қорында  1978 жылы құрылған сәтте 700 ғана жәдігер болса, олардың ауқымы кеңейіп бүгінгі таңда 24 мыңнан асты. Олардың 13629-ы нумизматикалық, 5175-і археологиялық, 2919-ы жазба ескерткіштер. Ал, 2698 этнографиялық жәдігерлер ішінде 800 -ден аса бірін-бірі қайталамайтын ерекшелік пен әсемдікке ие әшекейлер мен зергерлік туындылар бар. Ата-бабаларымыз күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде қолданған түрлі бұйымдар, яғни,  белдіктер мен қапсырмалар, таналар, түймелер мен алқалар, бойтұмарлар мен жүзік, шашбаулар сынды көптеген заттар бүгінгі күннің ең құнды жәдігерлері саналады. Жуырда ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бөлімінде де бұл жайында терең ой салғаны белгілі. Бабаларымыз әшекейлерді темірден соққан. Күн сайын ауқымы кеңейіп, қорға қосылып жатқан құнды дүниелерді сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау біздің басты парызымыз. Қазақ мәдениеті мен өнерін, сан қырлы шеберлігін оның ішінде түрлі ою-өрнекпен көмкеріліп, әрбір пішіні өзіндік сыр шертетін терең философияға негізделген дүниелері әлем алдында жария етуге лайықты құнды дүниелер болып табылады. Көрмеге келген әрбір келуші аталған жәдігерлердің тарихы мен авторына, мән-мағынасына терең үңіле алады»,-деді қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов.

Сондай-ақ, Түркістан қалалық Этнопедагогикалық колледжінің директоры Серім Айғаным Абанқызы да қазақ әшекйлерінің қоғамдағы орны, жастар үшін тәрбиелік мәні жайында ой бөлісті.

-«Елбасымыздың өзі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап өткен металлургия саласына қатысты толғаным өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастыра отырып, терең тәрбие мен танымға бағыттайды. Ата-бабаларымыз металлургияны терең меңгерген. Оны біз Есік қаласынан табылған «Алтын адам», қасиетті Түркістанымыздағы тайқазан мен шырағдан, әшекей бұйымдардан-ақ көз жеткізе аламыз. Ата-бабаларымыздың зерлік бұйымдар мен әшекейлерді қадірлеуі – үлкен дәстүр. Бүгінгі ұрпақ сол дәстүрді әрі қарай сабақтастырып, жалғастыруы тиіс. Бүгінгі көрмеде қойылған күмістен жасалған кісе белдік пен шолпының қолданылуы, тәрбиесі қандай терең. Ал, жүзіктердің өзі түр-түрге бөлініп, құдағи атанған ананы немесе құда түсіп, атастырылған қыздың қолына қарап,  әшекейлерінен аңғара білген. Аталған құндылықтарды жоймай, қайта жаңғыртуымыз керек. Биылғы «Жастар жылы» жастар үшін  салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты да жаңғыртып, ата-баба мұрасына бет бұрған тарихи танымға толы бетбұрыс жылы ретінде де атап өтуге шақырамын. Шетелдің дәстүрімізге жат сәні емес, ұлтымыздың қаймағы бұзылмаған ұлттық дәні жастар бойында бүр жарып, төл әшекейлеріміз қайта түлеуі маңызды»,-деді Түркістан қалалық Этнопедагогикалық колледжінің директоры Айғаным Абанқызы.

Көрме барысында Түркістан қаласының тұрғыны – зергерлер үйірмесінің жетекшісі, Қазақстан қолөнер шеберлер Одағының мүшесі, темірден түйін түйген зергер Қалмырза Тасов келушілерге шеберлік дәрісін ұйымдастырды.

Айта кетсек, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен әшекейлерінен жасақталған көрмені бір күн ішінде 700-дей адам тамашалап үлгерді.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.