Серік Сапиев ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып ресми тағайындалды, деп хабарлады комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тұғымбаева.
«Серік Сапиев ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып ресми тағайындалды», — деді Р.Тұғымбаева сәрсенбіде.
Бұған дейін хабарлағандай, С.Сапиев мәжіліс депутаты қызметінен мерзімінен бұрын кетті.
Еске салсақ, ол 2017 жылдың 28 ақпанында мәжіліс депутаты болып сайланған еді.