Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қытайлық «HENAN PROVINCE INSTALLATION GROUP CO.LTD» ЖШС-нің Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары Ма Шянжоумен кездесті. Басқосуда тараптар Түркістан қаласында бой көтеретін жаңа ғимараттар жайын талқылады. Қонақтар облыс орталығындағы құрылыс нысандарының құрылысына 51 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде аймақ басшысы әкімшілік іскерлік орталығынан тұрғын кешенін салуды ұсынды. Сондай-ақ, жобаның жоспарлы түрде іске асуына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Яғни, нысандарды салуға арналған жер телімдерін бөлу және құжаттарын әзірлеп, онда тартылатын инфрақұрылым мәселелері толығымен әкімдік тарапынан жүзеге асырылатын болады.
Кездесу соңында тараптар тығыз коммерциялық қатынастарды дамытуға, екі жақты инвестициялар мен технологиялар трансфертінің көлемін ұлғайтуға, соның ішінде Түркістан облысында «Инвестициялық жобаларды» жүзеге асыруға негіз болатын меморандумға отырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.