• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Бұхараға сапар

29.01.2019
0

Өзбекстан Республикасындағы көне қаланың бірі — Бұхара. 2,5 мың жылдық тарихы бар аймақ туризмнің түп қазығы. 100-ден астам медресе, сəулеті айрықша мешіттер, көне ғимараттар мен бекіністер құндылығын жоғалтпаған. Орта ғасырдан сыр шертетін шаһарды көру үшін 700 шақырымды артқа тастадық. Яғни, Шымкент қаласынан жеңіл көлікпен шыққан біздер Бұхараға жеттік.

Өзбекстан мемлекетінің бюджетін туристердің есебінен еселендіріп отырған Бұхарға келушілер өте көп. Сондықтан тарихи шаһарда қонақ үй тапшы. Бұл жайттан хабардар біздер бірден паналайтын орын іздедік. XIX ғасырда салынған «Орхон Ибрахим» қонақ үйі көңілден шықты. Бұл жерге кезінде Ұлы Жібек жолының көші тоқтаған. Сол жер қонақ үйге айналып, негізін жоғалтпапты. Міне, біз де аялдадық.

Бұхара қаласының туристік кезеңі екіге бөлінеді.  Мұнда көктем мен күз мезгілдерінде туристер көптеп табан тірейді. Олардың атауы бар. Алтын жəне барқыт  кезеңі. Сапарымыз сəтті уақытқа түсті. Көп дүниені еркін көруге мүмкіндік болды.

Əңгімені «Ассалаумағалайкум» деп бастайтын ала шапанды ағайынның ізеттілігіне тәнті болдық. Мəдениеті дамыған Бұхарада туристік милиция тікесінен  тік тұрып қызмет етеді екен. Саяхатшыларға жол сілтеп, əр ғимараттың тарихын жете білетіні таңырқатты. Жол бойында кезіккен жылы жүзді аға лейтенант Рустам Салахов жол көрсетіп, қаланың басты нышаны Калəн мұнарасына алып барды. XII ғасырда тұрғызылған мұнараның биіктігі 47 метр.

Тоғыз ғасыр сақталған сəулет туралы аңыз көп. Соның бірін айтып өтсек. Өз дәуірінде  Қарахан əулетінен шыққан Арслан хан Уста Бахо құрылысшыға халықтың назарын аударатын ғажап  ғимарат салуды тапсырады. Ұста мұны құп көріп, екі метрлі іргені қалаған соң із-түссіз жоғалып кеткен. Хан оны  іздегенмен, таппайды. Арада 3 жыл өткенде құрылысшы Уста Бахо хан алдына келген. Ашулы хан дарға асуға əмір етеді. Сонда ұста жоғалудың себебін былайша түсіндірген. Кез келген ғимарат сапалы қалану үшін оның іргесі əбден жерге отыру керек. Ол үш жылдай уақытты алады. Ал, оны ханға айтқанда, ол құрылысты тоқтатпауды тапсырар еді. Сол себептен уақытша  көзден таса болғанын баяндайды. Жауабына қанағат тұтқан хан жанын қалдырып, құрылысты жалғастыруды тапсырыпты. Міне, осындай оқиғадан соң бой көтерген мұнара үш түрлі міндетті атқарған екен. Бірінші, Алланың аты айтылып, азан шақырылса, екіншісі, қауіпсіздікті сақтау үшін биіктен қала бақыланған. Үшінші міндеті  Ұлы Жібек көшін өзіне тартқан. Кірпішпен өріліп салынған мұнара тарихымен де, көрінісімен де есте қалды.

Мұнараның маңында Мир-Араб медресесі тұр. Сырты көксауыр кірпіштен өрнектелген, мозайкалары бар орта ғасыр архитектурасы ғажайыптың бірі. Мұнда талай ғұламалар білім алып, діни сауатын ашқан. Солардың қатарында Шешенстан Республикасының тұңғыш Президенті Ахмад Кадыров бар. Ол 1980 жылы осы медресеге оқуға түсіп, Ташкентте аяқтаған. Нәтижесінде ислам дінін ұстанаған мемлекетті аяқтандырып кетті. Діни ғимараттың өзіне тəн құпиясы бар. Құран Кəрімде 114 сүре  болса, бұл медреседе сол  сүрелердің атымен аталатын 114 сынып бар екен. Сонадай-ақ, жыл сайын 114 шәкірт білім ордасына оқып, Ислам бағытын игеріп шығады. Бұхара қаласында орны бөлек медресенің сыры осындай.

Тарихтың талайы құпияларын білген біздер рухани астанамыз Түркістанның да болашағы осылай қалыптасса екен деп армандадық. Өйткені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығы болып тұрған Түркістанның туризмін Бұхара, Самарқанд, Хиуа қалаларымен бəсекелесетіндей болуды айтты. Егер Қожа Ахмет Ясауи жатқан киелі мекен шығыс стилінде дамыса, Бұхарадан кем түспесі анық.

Таңның атысынан күннің батысына дейін тынбай еңбек ететін көршілес ағайындарымыз жібек өсіріп, өңдеуден де алға шыққан. Көз тартар орамдармен жүріп келе жатып, қол өнердің кереметін кезіктірдік. Көз майын тамызып, шыдамдылықты талап ететін кілем тоқу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бір кілемді тоқу үшін алтындай 8 ай уақытын сарп ететін Бұхараның іскер қыз-келіншектері қолөнердің қыр-сырын айтып, көне кәсіпті көрсетті.

Жібектен қағаз жасайтын маманды Бұхарада кезіктіресіз. Суретші Абдурашит Зикриллаевтың əулеті қыл қаламмен талай туындыны жарыққа шығарып жүрген табысты отбасы. Туристердің талғамын танитын таланттының шеберханасына  кіріп, автордың көрмесін көрдік. Мұнда жібек қағазды қалай жасайтынын біліп, Бұхаралық хас шебердің өнеріне риза болдық. КСРО халық суретшісі Орал Таңсықбаевты мойындайтын, өнеріне бас иетін Абдурашит Зикриллаев əсерлі сөзімен бізді есеңгіретті. «Орал Таңсықбаев — дүниеге суретші болып туылған. Бойында Алла сыйға берген таланты бар тұлға» — деп кесіп айтты.

Орта Азияға қатысы бар тарихи фильмдердің басым көпшілігі Бұхарадағы Арк бекінісінде түсіріледі. Егер тарихи қорғанға барып, бір айналып шықсаңыз, өзіңіз көрген кейбір кинолардың эпизодтары есіңізге түсері анық. Біздің заманымызға дейін IV ғасырда құрылысы жүргізілген алып бекіністің биіктігі 20 метр, 4,2 гектар аумақты алып жатыр. Хан əулетінің қыстық резиденциясы болған бекіністе 3000 адам тұрған. Биліктегі бай-шонжарлардың туыстарына арналған қамалда мешіт, көше, монша болыпты. Бастысы мұнда патшаның тағы тұр.

Бекініске сырттан келген қонақтар мен елшілер хан алдына баруды сұранса, оны уəзірлері жолды жаттамас үшін, көшелермен шыр айналдырып алып барған деседі. Осындай құпиялармен Арк бекінісі музейінің ғылыми қызметкері Жамшид Халилов бөлісті. Қамал тарихы Отырар шайқасымен егіз. Өйткені 1219 жылы əлемді жаулап алмақ болған Шыңғыс хан Бұхараға келіп, шаһарға шабуыл жасаған. Ұйыған Бұхараны бұзып, 1220 жылдың ақпанында бекіністің күл талқанын шығарады. Бүгінде Бұхараның өткенін ұмытпай, қанды оқиғаны еске салып тұратын музей. Кіру құны 15000 сом тұратын бекініске туристер лег-легімен ағылып жатыр.

Түркістан облысындағы «Отырар төбе» де осы бекіністен кем емес тарихы бар құнды орын. Егер мықтап  қолға алынса, туристер шоғырланатын аймаққа айналар еді. Осындай ойға қалған біздер 1 миллион 800 мың халқы бар Бұхараның кереметтерін көріп, жадымызда естен кетпес естеліктер қалды.

Белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Бұхараның сапары» туралы  жырының мəнін тереңірек ұғындық. Иə,  ақын тамсанған білімнің ошағы сіздің де жүрегіңізді жаулары анық.

«Бұхара — таң қаламын барғаныма,

Өкіндім  оқи алмай қалғаныма!

Дүниеден құр алақан мен барамын,

Жете алмай бұ жалғанда арманым! …» (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)

 

Бағлан Байкөбекқызы, Айтолқын Молдабекова

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.