Спартакиаданы ашу салтанатында облыстық сот төрағасы Досжан Әміров Ақжан Ештайдың өмірі мен еңбек жолы туралы айтып берді, жеке кездесу естеліктерімен бөлісті.
Әріптес туралы еске алу құрметіне судьялар А.Ештайдың Ақмола облысының сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы материалдарды жинақтап слайд-стенд безендірді.
Д.Аміров, сөз сөйлей келе, Ақжан Жайлауханұлының кәсіпқойлығы мен айтарлықтай қомақты судьялық өтілін, айрықша ұйымдастырушылық қабілетін, жас әріптестерімен жұмыс істей білгенін атап өтті. «Ол сот төрелігінің әділ, сүйікті кәсібіне адал болу үшін ешқашан аянып қалған емес, жастармен кездесу үшін әрдайым уақыт табатын, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатын, футболды жақсы көретін», — деп өз естеліктерімен бөлісті Д.Аміров.
Спартакиадада облыстық соттың, Кокшетау қалалық сотының, мамандандырылған және аудандық соттардың құрама командалары минифутболдан, волейболдан және «көңілді старттар» бойынша жарысқа түсті.
Топ жарып шыққан жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.