Биыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы. Сондықтан да «Айғақ» арнасының «Ұлы бабалар ізімен…» жобасының жаңа циклы Өзбекстан Республикасының тарихи жерлері мен қазақтың тарихи тұлғаларына арналып отыр. Бұл циклды хабарларының алғашқы саны да көреремен назарына ұсынылдыпқойды. Ал бұл сапар Өзбекстан Республикасының Самарқанд пен Бухара қалаларында, Навои облысындағы қазақтың атақты биі Әйтеке Байбекұлының жерленген жері Нұрата жерінде жалғаспақ. Сондай-ақ, түркі елінің ортақ тарихынан сыр шертетін киелі орындарынан да арнайы хабарлар әзірлеуді мақсат тұтып отыр.
«Айғақтың» қолға алған осы жобасы туралы алда толығырақ материал жарияланады.