Түркістан облысы Төлеби ауданында Құсбегіліктен жастар арасындағы Республикалық ХІ чемпионаты өтті. Еліміздің 12 облыс қаласынан келген құсбегілер ата салттың ителгі, қаршыға, бүркіт түрлерінен сынға түсті.

Сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқы табиғатпен етене қойындас болғандықтан аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, әсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айырықша мән берген. Сол жолды жалғастырып жүрген бүгінгі жастар бұл спортты кеңінен дамытуға үлес қосуда.

Жарыс барысында ең алдымен жартылай финалға шыққан 12 бүркітшілер қоян аулау тапсырмасын орындады. Олжасын 2 минут ішінде орындаған өткір көзді құстар финалға шықты. Қорытынды жарысқа шыққан 4 бүркітші шибөрі аңын аулауы тиіс. Осы тапсырманы үздік орындаған Алматы облысының бүркітшісі бас жүлдені иеленді. Ал, ителгіден бірінші орынды Бабажан Бакдаулет алды. Сондай-ақ, қаршыға құсымен кептарды жылдам аулаған жарысында Түркістан облысының намысын қорғаған Паң Нұрдаулет бас жүрденің алтын алқасын мойнына тақты.
Аруна Пернебек.