Түркістан облысы орталық емханасында ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының көшпелі тобы өз жұмысын бастады. Облыс халқын дәрігер кардиолог Рауза Сұлтанова, дәрігер аритмиолог Шалқар Смағұлов, дәрігер кардиохирург Жеңіс Қозыбаев және дәрігер травматолог Жетпіс Сүлейменов қабылдап, кеңес беруде.
Аз ғана уақыттың ішінде жүзге жуық түркістандық Елордадан арнайы келген білікті мамандарынан кеңес алып үлгерді. Олардың арасында ем — домын
ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасында жалғастырып не осы ауруханада ота жасатуға мүмкіндік алғандар да бар.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың мұрындық болуымен келген
ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санаттағы дәрігерлері облыс тұрғындарын екі күн бойы қабылдайды.
Қазақстанда жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының деңгейі бойынша статистика аса ауыр емес – өлім-жітімнің 60% себебі жүрек аурулары болып табылады. Бүкіл әлемде жүрек-қантамыр аурулары халық өлімінің негізгі себебі болып қалуда. Еуропаның көптеген дамыған елдерінде бұл көрсеткіш өлімнің барлық жағдайларының 40% — на дейін жетеді.