Шымкентте xалық көп шоғырланған орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде. Соның бірі «Қырғы» және «Айна» базарларында орналасқан. Бұл қызмет бұрыштары- Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифралық қолтаңбаны қажет етпейтін көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті болдырмау мақсатында қызмет етеді.
Мәселен, «Қырғы» базарына күнделікті 28 000 адам келеді екен. Ал мұнда жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 3000-ға жуық. Сондықтан мұнда келушілер өте тиімді деп отыр. Алдағы уақытта мұндай бұрыштар «Самал базар», «Бекжан базар» және «Авто-Нұр базары» сауда орындарында ашылатын болады. Бұл арқылы xалықтың цифрлық сауаттылығын жоғарылату көзделген.
Тоғжан Нарбай.