«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов музей ұжымына жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығына сәйкес, Тастанбеков Мұрат Мейірбекұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Осы уақытқа дейін Тастанбеков Мұрат Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Тарих кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, тәрбие жөніндегі декан орынбасары, оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі декан орынбасары, декан міндетін атқарушы, Тарих кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...