Мүгедектігі бар жандарға арналған «Бірдей ІТ мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері» жобасы Қазақстанда 2019 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылады, деп хабарлады «Ерекше Таңдау-Шелек» корпоративтік қорынан.
«Жоба ІТ салаға тарту арқылы мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік оңалтуға бағыттаған. Үздік командаларға әлеуметтік-бағытталған ІТ шешімдері жүзеге асыруға грант ұсынылады», -делінген хабарда.
Жобаның бағыттарының бірі мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру барысындағы бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі мәселесін шешу болып табылады.
«Мүгедектігі бар жандардың табысты карьераға жету жолындағы басты кедергілер: білім беру мекемелерінің бейімделмеуі, оқытудың әдістмелік құралдарының және басқа да баламалы ресурстардың болмауы», — делінген хабарда.
Жоба аясында оқытудың аралас типті заманауи технологиясын пайдалану жоспарлануда, оның құрамында келесілер болады: онлайн-құралдар, инклюзивті тәжірибе мен тәсілдер, менторлық бағдарламасы мен оқушыларды қолданыстағы жобаларға тәжірибе жүзінде тарту. «Нәтижесінде жобаға қатысушылар бәсекеге қабілетті білім мен өз бетінше оқу қабілетіне ие болады», — делінген хабарда.
Жоба «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаны ұйымдастырушылар — «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ, «Мұңаймайтын мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ.