Қазақстан халқының саны 1 желтоқсанда 18,376 млн адамды құрады, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарында.
«2018 жылдың 1 желтоқсанында елдегі халық саны 18,376 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғыны – 10626,2 мың (57,8%), ауылда – 7750 мың (42,2%) адам. 2017 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға артқан немесе 1,3%», — делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
ҚазТАГ.
Фото: ztb.kz