Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа биыл -107 жыл. Тарихи тұлғаның туған күніне орай, бүгін Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, көзін көрген қариялар шаһардың қақ төрінде орналасқан Дінмұхамед Ахметұлының ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Үш рет Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы қазақ жұртының мәңгі есінде.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылдың 12 қаңтарында Верный қаласында (қазіргі Алматы қаласында) қызметкердің отбасында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы дүниеге келіп, ауылшаруашылығы және сауда мекемелерінде қызмет атқарған сауатты, текті азамат болған деседі. Әкесінің іскерлігіне тәнті болып өскен Қонаев атамыз да сол жылдары Мәскеудегі Түсті металл иниститутына оқуға түсіп, 1939 жылы еңбек жолын өз мамандығы бойынша бастаған. Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын күндерінде тылда еңбек етіп, өмірінің соңына дейін, қазақ жұрты үшін, қызмет еткен азаматты бүгінде ел жадында.
Ұлдархан Уәлиханқызы.