• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Дәрілік заттардың тіркелген және шекті бағаларының тіркелімі құрылатын болады

11.01.2019
0

2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Дәрілік заттардың бағасын реттеу рәсімі ресми жарияланған күнінен бастап 3 айдан кейін күшіне енеді.

Дәрі-дәрмектердің бағасын оларды көтерме және бөлшектеп сату кезінде реттеуге мүмкіндік беретін механизмдердің қалай енгізілетіні туралы ОКҚ-ғы брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Формация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков және «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде Людмила Бюрабекова заңнама қабылданған түзетулер дәрілердің халықтың барлық топтары үшін экономикалық қолжетімдігін арттыру және дәрілік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік алымдарды төмендету мақсатында әзірленгенін атап өтті. «Дәрі-дәрмектердің бағасын оларды көтерме және бөлшектеп сату кезінде реттеуге мүмкіндік беретін механизмдер енгізілетін болады. Дәрілік заттардың бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаларды реттеудің 4 деңгейін көздейді – өндірушінің, көтерме сауданың, бөлшектеп сату, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу деңгейінде», — деп атап өтті Фармация комитетінің төрағасы.

Людмила Бюрабекова үстеме бағалардың регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік заттарды көтерме және бөлшектеп сатуды одан әрі реттей отырып, өндірушінің бағаларын тіркеудің референттік елдердің тұтынушылық орамасының бағалары негізінде жүргізілетінін түсіндірді. «Жаңа баға белгілеу қағидалары шеңберінде өтеу бағаларын референттеу және фармакоэкономикалық деректерді бағалау арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларының негізділігіне экономикалық сараптаманы күшейту көзделеді», — деп атап өтті Министрліктің өкілі.

Сондай-ақ, оның айтуынша барлық мүдделі тұлғалар үшін бағалар туралы ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың тіркелген және шекті бағаларының тіркелімі құрылатын болады.

Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігі тиісті қағидалар әзірлеуде, ал бағаларды тіркеуге арналған өтінімдерді берудің барлық процесі Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының сайтында электрондық форматта жүргізілетін болады, онда қазіргі кезде ақпараттық жүйе әзірленді және тесттік режимде іске қосылды.

Осы механизмдерді әзірлеу кезінде ЭЫДҰ мен ЕАЭО елдеріндегі дәрілердің бағаларын реттеу бойынша реттеудегі халықаралық тәжірибесі ескерілді. Бағаны реттеу механизмдері енгізілгеннен кейін шекті көтерме және бөлшек баға туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында және Тіркелген дрілік заттар мен Медициналық бұйымдардың мемлекеттік тіркелімінде табуға болады, ал халықтың бағалардың өскені туралы фактілерімен кері байланысын енгізу арнайы әзірленетін азаматтарға арналған мобильді қосымша арқылы енгізу жоспарлануда.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңда өндірушілер мен дистрибьюторлар үшін 2021 жылғы қаңтардан батап, ал бөлшек желі үшін 2023 жылғы қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу көзделген. Бұдан басқа, сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету үшін, фармацевтикалық компаниялардың мүдделерін көздеуді болдырмау және дәрілік заттар туралы шынайы ақпаратты ұсыну мақсатында заң шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды оңтайлы пайдалану және этикалық ілгерілету бойынша нормалар әзірленді.

Дәрілерді сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сатып алу рәсімдерін жеңілдету және әкімшілік кедергілерді төмендету, әлеуетті өнім берушілермен жеке байланысты болдырмау үшін ҚР Қаржы министрлігінің сатып алу порталын пайдалана отырып, дәрілерді электрондық сатып алуға көшу көзделген.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп өз сөзінде тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды жеткізуді бастауға дайын екендігі туралы баяндады.

«Қазіргі кезде бірыңғай дистрибьютор 2019 жылға арналған дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудың жалпы сомасының 90% сатып алды. Сатып алынған препараттарды бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізу желтоқсан айынан бастап жүргізілуде, қазір дәрі-дәрмектің басым бөлігі бүкіл Қазақстан бойынша транзиттік қоймаларға тасылды. Заң бойынша медициналық ұйымдардан түбегейлі өтінімдерді жинауға 10 жұмыс күні кетеді. Алайда біз түбегейлі өтінімдерді жинауды бүгіннің өзінде аяқтаудамыз және келесі аптадан бастап препараттар емханаларға түсе бастайды», — деп мәлімдеді Берік Шәріп.

Бұдан басқа, «СК-Фармация» ЖШС басшысының айтуы бойынша қазір дәрілік заттардың ауыспалы төмендемейтін қорынан 13 млрд теңге сомасындағы препараттар медициналық және дәріханалық ұйымдарға қолжетімді.

2019 жылға арналған тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алынған дәрі-дәрмектердің тізімі 1144 позицияны қамтиды. Барлығы медициналық ұйымдар 203,5 млрд теңге сомасында алдын ала өтінім берді. Дәрі-дәрмектердің 421 атауы 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық емдеу үшін анықталды. Олар үшін 105,1 млрд. теңге сомасында, ал 953 атауы 98,4 млрд. теңге сомасында дәрі-дәрмектер стационарлық көмек көрсету үшін сатып алынуда.

Сондай-ақ Берік Шәріп тегін дәрілер алатын пациенттер үшін жүзеге асырылып жатқан кері байланыс құралы туралы еске салып өтті. Компанияда халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 1439 байланыс орталығы, диспансерлік пациенттер үшін тегін берілетін дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпаратты ұсынатын операторлар жұмыс істейді. «Бұдан басқа, дәрілердің нақты босатылуына мониторинг жүргізу үшін «Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне (ДҚАЖ) сәйкес тегін препараттар алған пациенттерге SMS-хабарламалар тарату жалғасуда», — деп атап өтті бірыңғай дистрибьютордың басшысы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында...

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Әзілханов алдымен Достық үйінде ассамблея құрылымдарының басшыларымен және қаланың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.